Бала күнгі бір досым бар – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Бала күнгі бір досым бар» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 3344
Қуаныш пен қайғымды да бір кешкен,
Бала күнгі бір досым бар бірге өскен.
Ата анасы, ата-анамның құрдасы,
Сыйлас сырлас құрбылары бір кезден.

Сол досыммен небір қызық өткердік,
Бірде тату ал бір кезде жеккөрдік.
Бір кездері бір қызға да ғашық боп,
Төлеген мен Бекежандай кектендік.

Төбелестік кейде тату ойнадық,
Бұл күндерді күлеміз-ау ойға алып.
Не сол қызға не өзгемен үй болып,
Кетпеппіз ау қарап тұрсам ойланып.

Біздің ойын бүгінгіге ол аңыз,
Ол аңызға жетер бізге жол алыс.
Алла ғұмыр нəсіп етсе алдағы,
Осы жылы отызға да толамыз.

Бұрын біздер ойнаушы едік тұңғашпақ,
Таң қылауы сейілгеннен түн батса ақ.
Енді біздер іздесекте таппайтын,
Табылмайтын оралмас ол қымбат шақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері