Астана – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Астана» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 592
(ән сөзі)

Жамырай кеп елім қонған Астана,
Хан түсетін төрім болған Астана.
Салтанат пен сәулетіңнен Есілдің,
Жағалауы керім болған Астана.

Дәстүрімсің тұнып тұрған Астана,
Бар қайғымды ұмыттырған Астана.
Сарыарқаның сар аязын жүректің,
Мейірімен жылыттырған Астана.

Кезеңдерді басып өткен Астана,
Алыстарға аты кеткен Астана.
Алтыалаштың ұл мен қызын өзінің,
Ажарына ғашық еткен Астана.

Астана, Астана!
Теңгермеймін жер бетінде басқаға.
Астана, Астана!
Бар қазақтың мақтанышы бас қала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері