Өлең, жыр, ақындар

Ұмытуға тырыстым

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 794
Ұмытуға тырыстым,
Ұмыта алам!
Сені ұмытқан шақтармен тыныс алам.
Қашанғы ойға арқалап жүрем сені,
Төзе берер деп пе едің құрыш адам?!

Кетпеу үшін ұмытам және жүдеп,
Саған ғана кім айтты тән еді деп?
Көзіменен досымның қарап едім,
Күткен біреу өзіңнен әдемірек…

Соқса дағы тағдырдың құйыны көп,
Сенем бақыт алдымнан жиі күлед.
Тағы бірі өзіңнен салмақтырақ,
Тағы бірі өзіңнен биігірек.

Жатса дағы жаудырап қарап маған,
Дәптерімнің беттерін парақтаман.
Сені ойламай отырып шай ішемін,
Сені ойламай отырып тамақтанам…

Басқа белге шықсам ғой қия шауып,
Басқа таудың басынан ұя тауып.
Қалам сапты жеп-жеңіл ауыстырдым,
Қалып қойды орнында сия сауыт…

Сиясы жоқ қалам сап ғайып болған,
Қалдыра алмай көңілге із айыпталған.
Сия сауыт ішінен сені көрдім,
Жан сырымды дәптерге жайып салған.

Ұмытпадым!
Не болар халім менің?
Дем біткенше айтатын әнім бе едің?!
Отыз тістен шығармай шыдай-шыдай,
Жан қысылды,
Амалсыз “жаным”дедім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр кештім

  • 0
  • 0

Сол бір оттың сен де көрдің аптабын,
Жанған отты жан сарайға сақтадың,
Неге маған кінәні үйіп төкпедің,
Неге сеннен тарыдай мін таппадым?

Толық

Жалғыз түйір жапырақ

  • 0
  • 0

Сені күткен секунттарым жатты өліп,
Әрбір сәтті отырушы ек қақ бөліп.
Жапырақтай діріл қаққан жанымды,
Қалғысам ғой алақанға сап беріп!

Толық

Сен едің

  • 0
  • 0

Жанымды алғаш жылыттырған таңдандырып ай,күнді,
Күліп тұрып ұмыттырған қасірет пен қайғымды.
Көп дауыстың арасынан жалт қаратып өзіне,
Жетелеген жүзейік днп өмір деген айдынды.

Толық