Шахан Мусин

Бұл бетте «Шахан Мусин» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2512
Жауап берші ұлы көсем данышпан,
Елім менің өлді неге аштықтан.
Ашынғаннан тіке қойған сұрақты,
Қайран Шақаң дара туған арыстан.
Октябрьде болғанымен кіл мықты,
Біреуі де айта алмады шыңдықты.
Діңке құрып он алты жыл жыр үшін,
Ойлауменен болды зорлық сұмдықты.
Ар намысын ашып айтып ой нәрін,
Аяғына басқаннан соң заңдарын.
Қайран аға, Магаданмен Сібірге,
Халық жауы атандыңда айдалдың!
Таланумен қызыл қырғын бүргеге,
Он сегіз жыл өтті күңгірт түрмеде.
Мойымадың азабына сен бірақ,
Әділдіктің туын тігіп іргеңе!
Ұлылығын жырлауменен халқыңның,
Темір торда жарық іздеп алқындың
От жырларын шекарадан кетті өтіп,
Шамын жағып ата-дәстүр салтымның!
Жігер беріп ұрпағына, еліме,
Бөлеген ол сағынышты сезімге.
Көп кешікпей ерлігіңді серік қып,
Оралғансың туған жерге өзің де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шахан Мусин өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Шахан Мусин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шахан Мусин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шахан Мусин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері