Өлең, жыр, ақындар

Қызыма

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 38861
Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам
Бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма,
Мен сені ұзатам тағы да.
Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп,
Еңліктің әніне салады,
Әкең де қалады,
Шешең де қалады,
Баласын,
Баласы әкетіп барады.
Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін тағы да
Ұшасың, кетесің,Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!



Пікірлер (5)

Бауыржан Нұрсейітов

Мұқағалидің өлеңдерін оқыған сайын жаным рахаттанады қазақ таза кіршіксіз ақыны

Айжан

Ех.. шіркін, десеңізші!!! Мұқағали ақынның өлеңін естісем..., жаным бір бөлек әлемге енгендей болады...!

Алмаш

Өте керемет ! Қандай ақын десеңізші

Акерке

Керемет өлең.

Венера

Өлеңдері ерекше… мұңы көп, шырылдап тұрған жанын түсінер адамның аздығы, қаумалаған адамның ортасында жанының жалғызсырауы көп өлеңдерінде сезінеді. Көзіме жас келді кейбір өлеңдерін оқығанда. Иманыңыз жолдас болсын аға

Пікір қалдырыңыз

Бақытым менің алыста

  • 1
  • 5

Алданбайын арзанқол жұбанышқа,
Алданып жұбанышқа, құрақ үшпа!
Қазір менен қашықтап куаныш та,
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.

Толық

Менің кішкентай күнім

  • 1
  • 3


Көтеріп сені батырып,көтеріп сені шығарам,
Кішкентай күнім,сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.
Кішкентай күнім,сені мен арқалап жүріп айығам,
Табанға кірген шегеден,миына қаққан сынадан.

Толық

He айтам саған, жаным-ай

  • 0
  • 3

He айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.

Толық

Қарап көріңіз