Өлең, жыр, ақындар

Бибігүлге

  • 17.04.2015
  • 1
  • 7
  • 16587
Қарлығаш көмей құрбым-ау,
Бір бұрау емес, мың бұрау.
Қай күні, қандай Анадан
Бағына елдің тудың-ау?!

Ізеттім әрі келбеттім,
Қасыңда жүріп көрмеппін.
Бір кезде шарлап жер-көкті,
Шарықтап ұшып сен кеттің.

Өмірің сенің жаз бүгін,
Ойлама өмір аздығын.
Есітер құлақ болса егер,
Есінде жүрер назды үнің.

Естілер сенің осы үнің,
Ашқанда ұрпақ есігін.
Уілдеп жатқан сәбидің
Тербетер әлі бесігін!

Айналса болар тіліңнен,
Тіліңнен, әрі үніңнен.
Айырма, тәңір, осы үннен,
Айырма Бибігүлімнен!



Пікірлер (7)

Қожан Сымбат 4 сынып оқушысы

Алла мені дүниеге келгенде өз несібемді берді.Мен Мұқағали Мақатаевтің шығармаларына жақын өскен балалардың бірімін.

еркинбекова акбота 4 в сынып окушысы

мен де мукагали макатаев атамыздын шыгармаларын окып оскем

Толепберген Асель 5 г гимназия сыныбынын окушысы

Мен де Мукагали атамыздын шыгармаларына оте катты жакынмын .

Мұқағали Мақатев

Е балам кім болсаң да осы өлеңді гугулға салғанға рахмет

Балжан

Бұл өлең қате себебі Қарлығаш көрмей құрбым-ау деген соң Бір сұрау емес мың бұрау болуы керек хм

Аяжан

Бибігүл әні ұнады

Ментай

Ух, бұл «Бибігүлге» деген өлеңді оқып жүрегім керемет жылыды ғой ! Мұқағали атамыздың сөзі сондай нәзік, шынайы сезіммен жазылған екен — бұл жерде табиғат пен бала махаббаты, таза достық барлығы бірлесіп жүр. Қарлығаш көмей құрбым-ау деген жолдар оқығанда сол балалық шақтағы ең жақын адамды еске түсіретіндей!
Өлеңде Бибігүлдің үні, сәбидің тербетілуі, барша өмірдің әсем сәттері жүрекке мейірім мен сағыныш сыйлайды. Осы сияқты жырлар адамға ерекше әсер беріп, жан дүниеңді әдемі толқытады ғой.

Пікір қалдырыңыз

Есіңе мені алғайсың

  • 2
  • 21

Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде,

Толық

Көктемде

  • 1
  • 2

Мына келген көктем бе?!
Сүйісуде кептерлер.
Көз ұшында, көк белде,
Түйісуде көк пен жер.

Толық

Қырман басында

  • 0
  • 2

Қызу қарқын, көңіл шат,
Шығады жарқын дауыстар.
Ұштасқан қимыл қат-қабат,
Еселенген екпін бар.

Толық