Қараша ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қараша ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1503
Қадір тұтып киелі ізгі халқын,
Бабалардың жырлаған ерлік даңқын.
Ақын ұлым кел бермен жақындашы,
Сыр шертейін өзіңе жаны жарқын.
Күннің көзін қолымен кім жасырмақ,
Сақ болғайсың дұшпаннан айла асырмақ.
Көк Бөрідей бабаңның жазып кеткен,
Тарихыңды оқи біл сен жақсылап.
Сонда саған сақталған бар асыл зат.
Ұлы көші Алтайдан тоқтамаған,
Қорғанышың қашанда Отан анаң.
Бабалардың ізімен ер жетсін-деп,
Мол мұрасын сен үшін арқалаған!
Сол мұраңды қастерлеп жаның сүйіп.
Әруақтар алдында басыңды иіп,
Келер күнге арыңмен тіл қата біл,
Бар әлемді қуантып сүйсіндіріп.
Мақтан қылып туған ел тұғырыңды,
Арна оған тер төгіп ғұмырыңды.
Армандай біл Тәңірге мінәжат қып,
Ұлы Түрік елімен бірлігіңді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараша ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Қараша ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараша ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қараша ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері