Сол бір сәт –  Нұрдәулет Серікболатұлы

Бұл бетте «Сол бір сәт» атты  Нұрдәулет Серікболатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көзім түсті соң-ау бір ақ көлікке,
Түсті ішінен, періштедей көрікте.
Суық желден желбіреген шаштарын,
Қатып қалдым, таңырқап бір көрікке.

Көзі шіркін — тұнып тұрған теңіздей,
Батып кеттім, сол теңізге сені іздей.
Көзі оның-сау адамды мас қылған,
Сол мастыққа мен де бір сәт мас болғам.

Сол сымбатқа қарап тұрдым алыстан,
Барайын деп ем, жүрек пен ой алысқан
Сезімім тұр бұлқынып бір ішімде,
Әнім мен саз — қосыла кеп жарысқан.

Кірді ішке, отырды кеп жаныма,
Көз қададым, бұрылғанда бағыма.
Қол алыстық, таныстық біз сәтпенен,
Жанарымнан кетпей ұзақ жаным да.

Келді, міне, қоштасатын уақыт та,
Қалдым үнсіз, кетер шақта, сәт мұңда.
Қимай-қимай, қолымды мен бұлғап ем,
Кетті үнсіз... қайта оралмас бағытқа.

Авторы: Нұрдәулет Серікболатұлы


Пікірлер (1)

Лаура

Жүрекке жылы тиетін, алғашқы көрген шақ пен есте қалған сәт туралы әсерлі өлең. Бір ғана сәттің өзі қаншалықты мағыналы болатынын түсіндім.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол бір сәт өлеңінің авторы кім?

 Нұрдәулет Серікболатұлы — осы өлеңнің авторы.

Сол бір сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол бір сәт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде  Нұрдәулет Серікболатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол бір сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар