Есіңнен мүлде шығар – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Есіңнен мүлде шығар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Тағы да қарбаласпын деші маған,
Қарбалас тірлік болса несі жаман?
Мен сені жадымнан еш шығарғам жоқ,
Қарбалас кезімде де есіме алам.

Таппадым сағыныштың бір күн емін,
Сені ойлап бірде жылап, бір күлемін.
Зымыраған көлікпен бара жатқан,
Жанды саған ұқсатып үлгеремін.

Көңіл неткен аңқау ед, босқа сенбек,
Тіледім тек жақсылық тосса екен деп,
Ұзын сонар кезекте тұрғанда да,
Қарап қоям сен келген жоқ па екен деп.

Мағжан айтқан мына өмір түрме шығар,
Ауасымен түрменің үндесіп ал,
Ұмытсаң сен қарбалас кезде мені,
Хабарласпа есіңнен мүлде шығар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіңнен мүлде шығар өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Есіңнен мүлде шығар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіңнен мүлде шығар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіңнен мүлде шығар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері