Достан ата үні

Бұл бетте «Достан ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1354
Бабаларым ақын ұл деп,қол берген,
Кел, кел, балам, талай қиын жол көрген.
Ақ батасын бермесе егер ұлылар,
Жолың қалай болатынын кім білген?
Құлағыма жетті бүгін дауысың,
Сыр айтайын тебіреніп,ақ құсым.
Тәңір берген ұлы күшпен мен дағы,
Сынық салып алдым елдің алғысын.
Қазаннан да, Қырымнан да ағылған,
Сырқаттарды жазым болып жағылған,
Қуандырып, аяғынан тұрғызып,
Айырмадым өмір атты жазынан.
Жете алмаған жанның ұғып жүрегің,
Хабаршының жықпай әсте тілегін,
Әруағымды ақ ниетпен шақырып,
Мен қамшымды жіберіп – ақ емдедім.
Не жетеді ата жолмен өскенге,
Адал болсаң арамдар деп сескенбе.
Қайыспайтын мықтылықсыз, ерліксіз,
Бақыт таппас бұл өмірден еш пенде.
Ашу үшін даналықтың арнасын,
Жаныңдағы төзім бұлақ солмасын.
Батасы уыз саған берген бабаңның,
Іздерінен ізде ерлік жалғасын.
Тынба, тынба ізденуден,жан балам,
Жігіт емес от боп лаулап жанбаған.
Туың болсын туған жерің Кең Жылыой,
Үнің болсын мынау байтақ кең далаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достан ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Достан ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достан ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достан ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері