Аққу ақын

Бұл бетте «Аққу ақын» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3945
(Сәкен Сейфуллин рухына)

Тәңір өзі адамзатқа сый еткен,
Жаралғаны болмаса ет сүйектен.
Аққуы еді, киесі еді Алаштың,
Сұлулықпен кең әлемге жыр төккен.
Асылдығы, әсемдігі бір бөлек,
Халқы ұйып тыңдаушы еді елжіреп.
Ол сайраса би билейтін сексен көл,
Сексен ару нұр төккендей күлімдеп.
Қалмау үшін тіршілікте арманда,
Жез киіктер әнін тыңдап даламда.
Табиғатпен егіз біткен Сәкен-деп,
Асығатын үнін іліп ғаламға.
Өзі де оның ала білген сый елден,
Жомарт еді, жұртын жебеп сүйеген.
Көктемдегі жұлдыздардай сүйкімді,
Жаны жарқын ізгіліктен күй өрген!
Туған елдің көтеруге еңсесін,
Ақыл ойдан тапқан еді ол сенім.
Құтқаруға бодандықтан құлдықтан,
Қару қылып әділеттің семсерін.
Оның үні кең даламдай аңқылдап,
Сырын шертсе бір туғандай ел тыңдап.
Ұмтылатын теңдік үшін күреске
Қайырымсыз озбырлықты алқымдап!
Даналықпен елге болып шамшырақ,
Жаққанында алаулатып сан шырақ.
Үрейленіп шыңдық толы үнінен,
Отаршылдар торға салды тұтқындап.
Айдап салып қызыл көзді ұрпағын,
Шоққа басып күйдіргенмен тырнағын.
Аққу ақын көк зеңгірге кетті ұшып,
Тарту қылып кең әлемге мұңды әнін!
Құшағында сағыныштың сазы мол,
Көктем сайын оралады еліне ол.
Аққулардың тізбегінен жар салып,
Оңайлықпен келмегенін ұлы жол!
Ақиқаттан іздеп өткен арманын,
Сырын ұғып мәрттен туған ағаның.
Ерлік даңқын келер ұрпақ білсін-деп,
Үн тастаймын дауысымен ғаламның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу ақын өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Аққу ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аққу ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері