Мойындату – Табылды Досымов

Бұл бетте «Мойындату» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2244
Қара түнге қайрадым намысымды,
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшымның сабы сынды.

Қол бұлғарда қайғымменен реңдес Күн,
Жұлдыздарды жоғалған түгендестім.
Падишасын жоқтады патша көңіл,
Тәңір жаққа тепсінді күрең бестім.

Жігер отын жандырдым шапшаң барып,
Бұрын тұтата алмап ем тоқсан налып.
Күреңімді қамшысыз көкке өрлеттім,
Көсіп-көсіп аттым да.., шақшамды алып.

Көкке қарай кер мінез байқатқасың,
Енді кімін жіберіп айтақтасын.
Көптен бері көрінбей кеткен Құдай,
Көк жүзінде тұр екен шайқап басын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мойындату өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Мойындату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мойындату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мойындату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері