Құрмет хат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

(Әзімжанов Әбдімутәліптің құрметті пенсияға шығуына байланысты өз сөзі)

Советтік мына заманның
Саясында өскен адаммын.
Іргесіне ұлы қоғамның
Бір кірпіш болып қаландым.
Ел-жұртым, сені тыңдадым,
Әрқашан саған ризамын!
Көрсеткен өзің құрметке,
Елжіреп менің тұр жаным.
Ел-жұртым, мәңгі ризамын!
Еңбек пен майдан тартыста,
Қорғадың мені әр тұста.
Еңбекпен өмір өткеріп,
Еніп те қаппын алпысқа.
Әлі де менде жалын бар!
Алыңдар, елім, алыңдар!
Қасынан алып, зор істің
Қашанда мсні табындар!
Тойым бар, тойлап қалыңдар,
Жаны игі жайсаң қауымдар.
Келіңдер тойға, дос-жаран,
Ағайын-туыс, бауырлар!!!


Пікірлер (3)

Ernar

Adammyn degen so'zdi durys jazynyzdar

Модератор

Ernar, рахмет!

Бекзат

Мақатаевтың Құрмет хат өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрмет хат өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Құрмет хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құрмет хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрмет хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері