Атырауды аңсау – Табылды Досымов

Бұл бетте «Атырауды аңсау» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 3014
Кең шалбар шақтар түсіме менің жиі еніп,
Өзіме өзім ете алмай жүрмін иелік.
Гитара тартын жүрген кездерді ойлаймын,
Қалғып тұрғанда автоматыма сүйеніп.

Сағымды қырлар, шағылды құмдар, далалар,
Түсімде көрем, көрмеске қандай шара бар?
Аулақтан кейде паравоз болып боздайды,
Ауылда қалған қара нар...

Кеудемде жырдың көктесе жасыл желегі,
Атырау жаққа тартып-ақ кеткім келеді.
Ұлы Гейненің туған жерінде жүрсем де,
Мазасыз көңіл Меңдекешті ойлай береді.


Пікірлер (1)

Алинур

Күшті екен!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атырауды аңсау өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Атырауды аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атырауды аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атырауды аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері