Farewell – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Farewell» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 835
(Байронист)

Кешір! жұртқа бақ тіледім,
Жетсе оным көк түбіне,
Саған деген ақ тілегім
Көктен де асып кетті міне!
Керегі не босқа сарнап,
Көз жасы да қан аралас
Ақтық рет қоштасарда
Аһ ұрғандай бола алмас.
Ауызда ләм, көзде ылғал жоқ,
Құпия ойдан тылсым кеуде.
У жайылар, қоздырар дерт –
Лаж кәне күрсінбеуге!
Бақыт іздеп кемді күнде
Сандалармын әлі сан сақ.
Кешір! Кешір! - енді білдім –
Болып шықты бәрі жаңсақ!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері