Атырауды аңсау – Табылды Досымов

Бұл бетте «Атырауды аңсау» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 3097
Кең шалбар шақтар түсіме менің жиі еніп,
Өзіме өзім ете алмай жүрмін иелік.
Гитара тартын жүрген кездерді ойлаймын,
Қалғып тұрғанда автоматыма сүйеніп.

Сағымды қырлар, шағылды құмдар, далалар,
Түсімде көрем, көрмеске қандай шара бар?
Аулақтан кейде паравоз болып боздайды,
Ауылда қалған қара нар...

Кеудемде жырдың көктесе жасыл желегі,
Атырау жаққа тартып-ақ кеткім келеді.
Ұлы Гейненің туған жерінде жүрсем де,
Мазасыз көңіл Меңдекешті ойлай береді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Алинур

Күшті екен!

Осы автордың басқа өлеңдері