Өкпелемеші – Табылды Досымов

Бұл бетте «Өкпелемеші» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 9225
Өкпелемеші,
Өтірік мен де жұбатпан
Өзегімді өртеп жазбайын хат та жырақтан.
Өкпелемеші,
Бақытыңды алдан күт бірақ,
Менен де гөрі мықтырақ,
Өзге бар сені ұнатқан.
Өкпелемеші, өкпелемеші.

Өкпелемеші,
Өкіндірмеші құрбыңды,
Өлеңмен жуып тастармын мен де кірбіңді.
Өкпелемеші,
Өкпелемеші арманым,
Қалайша жігіт болғаным,
Өңгере алмасам бір мұңды.
Өкпелемеші, өкпелемеші...

Өкпелемеші,
Өткенде қаздар төбеңнен,
Өкінішіңді өлшерсің жырмен, өлеңмен.
Өкпелемеші,
От болып жанған жүрегің,
Өмірден таппай бір емін,
Өртенеріне сенем мен.
Өкпелемеші, өкпелемеші.
Өкпелемеші, өкпелемеші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпелемеші өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Өкпелемеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпелемеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпелемеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері