Арина – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арина» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1304
Аңсаған арманым, Арина,
Ырзамын өмірде барыңа.
Кездестім өзіңмен мен алғаш
Көрікті көктемнің таңында.
Аңсаған арманым, Арина,
Асықтым жетуге жаныңа.
Жаралған асыл жан екенсің
Мен үшін, тек менің бағыма.
Айналып арманым сағымға,
Кезіктің шөлдеген шағымда.
Өзіңсің өмірлік өлеңім,
Бойдағы тулаған қаным да.
Жанымды жылытып жалынға,
Жанасың жұлдыз боп таңымда.
Жадырап жарқырай беремін,
Өзіңдей асыл жан барында.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері