Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар» – Табылды Досымов

Бұл бетте «Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар»» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2341
Тірлік деген толқынды теңіз бе әсем,
Сол тірліктің бетінде көп із кешем.
Өтінемін,
Сөзіме сеніңіздер,
Қодар мен Бекежан егіз десем!

Сайлап мінер сұмдықтың сұр жорғасын,
Сатқын заман қайтадан бүр жармасын.
Ақиқаттың ажалы болған талай,
Бір сұр жебе, бір қанжар, бір қорғасын ...

Өмір-ана тартады бірлік күйін,
Тірлік қиын, алайда, тірлік қиын.
Ықылас пен дантестер Қодарларың ,
Немересі екенін білдік кейін ...

Бірлік күйі тоқтама, Арындашы,
Жалғандықтың мұқалсын қарындашы.
Ал, Қаплан кешігіп, кенже туған,
Болып шықты Дантестің қарындасы.

Той- думанмен жүргенде, сауықпенен,
Тірлік-теңіз үстінде ауып кемем.
Сол зұлымдар тағы да бір тасадан,
Шыға келетіндей боп қауіптенем.

Көрмеу үшін жесірдің жылағанын,
Көрмеу үшін алыптың құлағанын.
Екінші рет тумайды бұла –дарын,
Абайлаңдар, адамдар!
Сұранамын!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар» өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері