Көктем бұлты – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Көктем бұлты» атты Сапарғали Бегалин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 2
  • 4313
Аспанның алыс әлемін,
Көктемнің кезді жас бұлты.
Айтқандай аспан сәлемін,
Жаңбыр жауды, сел құйды.
Сапары бұлттың тым жырақ,
Аспан ғой астын кең жайған.
Түн болса бұлт маужырап,
Бал алғандай нұрлы айдан.
Сүйемін көктем жаз бұлтын,
Найзағай атып ойнаған,
Кемпірқосақ сұлу тым,
Салады жүйрік ой маған.
Дариға бұлттың жәйіндей,
Жарқылдап көктің жүзінде,
Шындықты жырлар тайынбай,
Болсашы жалын сезімде.

1940


Пікірлер (2)

Максат

Керемет❤️‍

Арука

Сапарғали Бегалиннің «Көктем бұлты» – көктемгі табиғаттың әдемілігін, жаңбыр мен найзағайды, кемпірқосақты лирикалық әрі қуанышты сезіммен суреттейтін тамаша өлең. Бұлттың сапары, нұрлы айдан бал алғаны сияқты бейнелер жүректі жылытады. Шындықты жалынды жырлауға шақыратын соңғы шумақтары әсіресе әсерлі. Көктемнің рухын жеткізген керемет туынды!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем бұлты өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Көктем бұлты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем бұлты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем бұлты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері