Тракторшы қарындасқа

Бұл бетте «Тракторшы қарындасқа» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4028
Күлім қағып көрінді көктем күні,
Жібек қанат, естіледі жаздың үні,
Азынаған ақ боран қысты қуып,
Жер қуанды думандап күндіз-түні.
Көк үйірім көл болып сай мен сала,
Қызғалдақпен безеніп қыр мен дала,
Еңбек ері егіске аттанатын
Күн келіпті, қарындас, қырға қара.
Темір тұлпар тұяғын қашап жерге,
Дүрілдетіп алапты шықсаң белге,
Көктем күні сағымдап саңлақтанып,
Омырауын тосқандай жібек желге.
Жүйткіт, сәулем, тұлпарды, жүйткіт биыл,
Жылдағыдан өзгеше биылғы жыл,
Әр жаңа дән майданда жауға бомбы
Жеңіс дәнін, қарындас, тез еге біл.
Үдере тарт көктемнің көк майсасын,
Бітік шығып алтын дән, жөн жайқалсын,
Қызтуғанның жазығы жасыл көл боп,
Егін толқып, мол астық ну найқалсын.
Еселеп жырт егістің кең даласын,
Үдете сеп мол астық колхоз алсын,
Сарымайдай сақталған тынды жыртар,
Міне, бүгін күн туды, қарындасым.
Жыртылмаған қалмасын жұрындай жер,
Астық дәнін өсіріп өнім берер,
Еселетіп еңбекті ерше баура,
Сорғаласын қолдан май, маңдайдан тер.
Шыққан кезде күлімдеп көктем күні,
Егіс қырын безентіп күндіз-түні,
Ақ маңдайың жарқырап, ән шырқатшы,
Өзендерде құйқылжып құстың үні.
Қоссын сенің әніңе көктем күйін,
Билеп тұрса кең дала мотор биін,
Симфония төгілтсін алтын аймақ,
Боп жатқандай ұлы той, жеңіс жиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тракторшы қарындасқа өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Тракторшы қарындасқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тракторшы қарындасқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тракторшы қарындасқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері