Қыс, Бораны алыс қап – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Қыс, Бораны алыс қап» атты Бақыткерей Ысқақ жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 9882
Қыс, Бораны алыс қап,
Өкпек желі кіреді.
Жауқызынды қолға ұстап
Көктем шығып келеді.
Жоғарғы ток ішінде,
Ағытылған арналар.
Астананың көгінде
Айналады - тырналар.
Аспан байып құсымен,
Бұлт көмейі - әндетті.
Тұмсығының ұшымен
Тықылдатты әйнекті.
Жер - жаңбырды қондырды,
Құшақтасты - туыстар.
Тостағанды толтырды
Наурыз көже,
Қымыздар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Орынгұл

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері