Кооператив – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Кооператив» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1341
Aт, арба алды топыр кооператив,
Дүкеннен әркім бұйым апаратыр;
Шай, сабын, кересін, жіп, ине, мата,
Тырнауыш, шалғы, соқа, сепаратор.
Шаруа әлі малын төгіп жатыр.
«Капарат» үлгіре алмай бөгіп жатыр.
Жүн-жұрқа, тері-терсек тең-тең болып,
Жүндеусіз түйелерше шөгіп жатыр.
Әкелген біреу бидай, біреу малын,
Біреу ішек, қарын, қаймақ, біреу балын.
Біреулер аңның терісін, біреу әкеп,
Күзеген байталының біреу жалын.
Бұйымын беріп жатыр әркім өлшеп,
Үйілген ұлы, кіші бөлшек-бөлшек.
Анталап бірін-бірі итермелеп,
Жапырлап алып жатыр көйлек-көншек.
Ұйтқы боп кооператив еңбекші елге,
Ескілік, теңсіздікті жеңбекші елге.
Тегістік, социалдық дәуіріне,
Жұмыла ұйымдасып еңбекші елге.
Ұстаған қазан аузын семірмесін,
Қақ сүйек нашар момын кемірмесін.
Ұйымға ұйтқы болмақ дүкеніңді
Қу басшыл, қу ауыздар жемірмесін.
Жыртығын еңбекшінің жауып тұрсаң,
Бабымен күйлендіріп, «сауып» тұрсаң.
Шаруа құнартып, ии бермек,
Түгелдеп бар керегін тауып тұрсаң.
Төңкеріс артқан міндет саған бүгін, —
Тегістеу әлеуметтің тұрмыс жігін;
Сүрінбей, жықпай апар нысанаға,
Лениннің қасиетті артқан жүгін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кооператив өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Кооператив өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кооператив өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кооператив өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері