Жаз тезірек жетсе екен – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Жаз тезірек жетсе екен» атты Сапарғали Бегалин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1520
Ызғары тарқап, күн жылып,
Жаз тезірек шықса екен.
Жымыңдап жұлдыз, ай күліп,
Ызғырық жерге бұқса екен.
Жапырағын жайып аққайың,
Балбырап аспан бойласа,
Серуендеп жас қыз күн сайын
Сүйгенін құшып ойнаса.
Бар арманы сол болып,
Сүйенер бір қыз қайыңға.
Сұлуға тезірек жол болып,
Түсірмей көктем уайымға.
Жетсе екен, жайнап жазғы іңір.
Ай толықсып көгінде.
Айтылса жардан жан сыбыр,
Қалдырмас күдік көңілге.
Опасын кейін көрмей ме,
Жас жүрек бассын жалынын.
Сенімін жас жар бермей ме,
Жартысын қолға ап жанының.
Шіркін, жастық жалынсың,
Шарпылмай өтер қай жүрек.
Жас жұбай жапырақ жамылсын,
Жетсе екен сол жаз тезірек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз тезірек жетсе екен өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Жаз тезірек жетсе екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз тезірек жетсе екен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз тезірек жетсе екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері