Бір аруға – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Бір аруға» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1925
Тауаның қайтып тағдырдан
Мойындаған жазмышқа,
Асырып заман сан қырдан
"Қалған деп күнім тым қысқа",
Салмақпен ұстап бойыңды,
Сімірген үнсіз ойыңды.
Арусың, құрбым, аяулы,
Өмірден көңілің қаяулы.
Қалтыраған бұтақта өсіп,
Күзің жеткен жапырақтай,
Балбыраған бояуы өшіп,
Жел жапырған су құрақтай,
Нәрсіз үміт, әлсіз күшпен,
Дәнсіз шөгіп әрсіз түскен.
Тонаушың боп өткен жылдар,
Ұнаушың жоқ қайран сындар.

1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері