Нарцисс – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Нарцисс» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1436
(Ақсары гүл нарцисс)

Жапырақ жарып ақсары гүл,
Сабақта жасыл шоғын түйген,
Гректің елі сыйынып бүкіл,
Табынып осы гүлді сүйген.
"Тәңіріміз" деп гүл боп мәңгі,
Жаңарып өсіп, солып сөніп,
Тұрады күтіп ататын танды,
Тіріліп күндіз, түн болса өліп.
Тәңірі де гүл, гүл де тәңірі,
Тәңірі деген бар бір сенім,
Тәңіріні іздеп адамзат мәңгі,
Таппаған оған ұқсатар теңін.
Гүл жаралса топырақтан, судан,
Топырақ пен су туған қайдан,
Топырақ та, су да жерден туған,
Жер пайда боп қатқан ылайдан.
Ылай пайда болған неден,
Төкпей, шашпай тоңазытқан кім?
Тапшы осыны шежірем деген,
Ауыр сұрақ шешусіз тым...
Нарцисс ақ гүл грекше тәңірі,
Менше айтқанда ақсары гүлсің.
Тимеген жанды, жансызға зәбірі
"Көргендер күйінбей иіскеп сүйсін".
Деп өстің бе жер бетіне,
Жапырақ жайып алты тарам.
Көз сүйсінер келбетіңе,
Мен сүйсініп күнде барам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарцисс өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Нарцисс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарцисс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарцисс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері