Наржан үшке толғанда

Бұл бетте «Наржан үшке толғанда» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 5221
(Мәжиттен туған Нартай немереме арнаймын)

Үш атанды аман көріп,
Толдың үшке, Нартай жаным,
Бүгін саған бата беріп,
Ұмытты атаң қартайғанын.
Үмітпенен сені тосып,
Топтап жасап тоқсан жылды,
Үш буынның басын қосып,
Қуанды атаң көңілі тынды.
Жай қолыңды, айтсын атаң
Жүз жыл жиған ықыласын.
Бейнеті емес көрген қатаң,
Бақыты мен берсін жасын.
Әкесінің атын саған,
Ұялтпас деп тұр тапсырып,
Ақыл, қайрат аршындаған,
Болсын саған бар жақсылық.


Пікірлер (1)

Сара

Сапарғали Бегалиннің Наржан үшке толғанда өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наржан үшке толғанда өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Наржан үшке толғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наржан үшке толғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Наржан үшке толғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері