Қара көз

Бұл бетте «Қара көз» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2209
Жаным сүйген қара көз,
Қай уақытта болам кез.
Алдым — майдан, артым — ел,
Қосылар шақ - ақ болсын тез.
Қарағым, қара көзім, сарғайдың ба,
Сағынып жас жүрекке зар жайдың ба?
Ауытқып әлде көңілім алаңдайсың,
Толқындай дауыл қуған көк айдында.
Қашанда, қалқа жарым, сен қасымда,
Жауынгер жарым да сен, жолдасым да,
Сен барсың сенен бөлек минутым жоқ,
Жүрсем де оқпен оттың ортасында.
Кеудемде сен біргесің сезім барда,
Өзің де өміріңді соған арна,
Достықтың жайнай түссін жарқын таңы,
Сертім де, антым да осы сүйген жарға.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара көз өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Қара көз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара көз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара көз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері