Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан – Kamila0704

Бұл бетте «Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан» атты Kamila0704 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан!
Батыстың қойнауында орналасқан.
Дамуыңның жоспары жасалыпты
Өткен сол бір ғасырда қарбаластан.

Сол кезде халық санақ жүргізіпті,
38 үй сонда тұрғызыпты.
400 тұрғын қаладан орын тепкен,
Ақтөбенің тұрғыны боп тыңғылықты.

Сол кезде мекеперде пайда болды,
Шыңдайтын шынайылап жайдақ ойды.
Ашылған соң білімнің мекемесі,
Жас ұрпақтың жүрегі жырға толды.

Бүгінгі Ақтөбеміз мүлдем бөлек
Өнеркәсіп, бизнес тұнған дерек
Аузымызды толтырып айта аламыз,
Заманға қазіргі бұл сай қала деп.

Қойнауыңда байлығың жеткілікті
Тарататын жұртың бар тектілікті.
Облысқа кіреін он екі аудан
Жаңалайтын қорың бар ескілікті.

Әйтеке би , Байғанин,Қарғалы бар,
Қобда ауданы ,Мәртөк бер, Мұғалжар бар,
Атағыңды ойлы - қырлы етпей ме кеп,
Хромтау, Темір, Шұбар, Қандағаштар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан өлеңінің авторы кім?

Kamila0704 — осы өлеңнің авторы.

Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Kamila0704 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтөбем тарихың мол, сен бір дастан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар