Меруерт алқа – Саттар Ерубаев

Бұл бетте «Меруерт алқа» атты Саттар Ерубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 8271
Аспандағы күміс айдай, жас ақынның жары бар,
Аспандағы күміс айдай, құралайдай жаны бар.
Құралайды, күміс айды, тура қарап көріп ет:
Көздері бар күлімдеген, күлкісі бар меруерт.
Қас қарайып күн де батады, сәулелері таралып,
Қыз да шығады құралайша жібек шашын тараны.
Күн де кетеді көк бетінен сәулелері таралып.
Қыз да шығады күлімсіреп, көк лентаға оранып.
Ақын сонда: «Сәулем – дейді - қалқам, дейді - жар» - дейді.
«Күнге арналған, күндей күлген жібек жырым бар» - дейді.
«Күнге оранған, күндей күлген күміс күйім бар» - дейді;
«Меруерт қып, менікі деп меншігіңе ал» - дейді.
Сұлу сонда: «Күнге арнаған жырыңды өзің ал» - дейді.
«Маған меруерт болатұғын бір - ақ нәрсе бар» - дейді.
─ Күнге арнаған күміс күйді беріп едің талайын,
Енді маған көсемге арнап жыр жазып бер, алайын.
Көсемді айтып жыр жазып бер, жүрегімді орайын.
Омырауға, жібек шашқа лента қылып тарайын.
Көсемді айтқан жырдан артық меруерт бар ма тағатын,
Одан артық сыйлық бар ма ақындардан алатын,
Одан артық лента бар ма сұлуларға тағатын,
Одан артық бақыт бар ма іздеп жүріп табатын!

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Меруерт алқа өлеңінің авторы кім?

Саттар Ерубаев — осы өлеңнің авторы.

Меруерт алқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Меруерт алқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Саттар Ерубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Меруерт алқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері