Ақын жыры – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ақын жыры» атты Светқали Нұржан жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3997
Асау көңіл — шығанға оқ па атылған,
Қанжар ма әлде қынында тот басылған?!
Ақын десем, көзіме елестейді,
Жолбарыстар тайлықпай отқа атылған.
Ақындардың атағын көкке асырған,
Тірі жеткен көп талқы, көп ғасырдан —
Асыл жырдың алдында алмасың да
Жасық шығар — шыбықтай отта сынған?!
Дана Абайдан Нұр алып,
От — Қасымнан,
Тұрсам деп ем ай құсап көкке асылған...
Есігінен өлеңнің енсем деп ем,
Шаңырағы шатынап, топса сынған!..
Зауалдардан— аспанға от қасынған
Аман қалған Ақынға тек бас ұрғам. —
Жүрегінен жыр болып қан тамшылап,
Маңдайына Мөр болып Оқ басылған!..

1978 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын жыры өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ақын жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері