Жайлауда – жазғы құтпанда – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жайлауда – жазғы құтпанда» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2427
Жайлауда –
Жазғы құтпанда
Уызын ішем іңірдің.
Көкжиек толғап жұтқанда
Өткен-ді зорға сіңір - күн...
Уыздай іңір тұр кілкіп,
Меймілдеп астау ойларға.
Ашқарақ көңіл түнге ынтық –
Жұтудан, сірә, тойған ба?!
Көзімнен жұлдыз шұбырып,
Жайлайды бойды құмар — у.
Тылсымнан — Шашқа тығылып
Тұрғандай қарап бір ару.
Жібек құм қолдан сусыды,
Құс жолы — ізі қара аттың...
Жеткендей талып сусылы
Аққулар қаққан қанаттың.
Көк пенен Жерге тең сеуіп
Ай — нұрдан перде құруда.
Таразы қалған теңселіп,
Сүқтанып Сүмбіл сұлуға.
Жетпекке батыс — тұраққа,
Шыққаны шығыс — жер түбі
Естілетіндей құлаққа
Есекқырғанның ентігі...
Өмір заядан айрылып
Тартқандай Түннің түрі өзге —
Көкжиек Айды май қылып
Жіберді жұтып лезде.
Үмітін Үркер талмайды,
Ұмтылып көкке біртіндеп —
"Қарақшылардан" қалмайды
Алайда қызы — Үлпілдек...
Бағалап бақты қолдағы,
Тыншығар сәтті аңсар тән.
Ұйқыға кетем мен-дағы
Туғанда барып Таң — Шолпан.
Бақыттан бойым бусанды,
Жалғанда жанмын — өзі бай!
Жастанып бір түп жусанды
Жатамын тойған қозыдай...
Түсіме кіріп үр қыздар,
Тоямын уыз — нұр сүтке.
Түнімен аққан жұлдыздар
Қалады тұнып кірпікке...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлауда – жазғы құтпанда өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жайлауда – жазғы құтпанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлауда – жазғы құтпанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлауда – жазғы құтпанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері