Құрбыға наза

Бұл бетте «Құрбыға наза» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2254
Тамырыңды — арнаңды ылайлап ағып,
Миыңа жүр ме, жарығым, мың ой қамалып?
Жаныңның маған дегенде тазалығына
Былай да нанып келемін,
Мұңайма налып!
"Не дауа — ауыр жолыңа?" — деп алып маған,
Кезің көп көзден отырған жоғалып ғалам.
Мен жайлы мұңды ылақтыр санаңнан, күнім,
Сәл жыми маған, жетеді,
Дем алып қалам!
Сиқырлы бегзат күлкіңмен қой-дағы жебеп,
Жүйріктігіме сене бер тойнағы бөлек.
Намысқа тиме қамым жеп,
Өз тағдырларын
Жігіттің сойы болса өзі — ойлауы керек!..
Босамай жүр ғой басым да кіл күдікті ойдан,
Салғым кеп кетед
Заманға бір бүлікті ойран —
Сұрайтын шақта ақырып — жұртыма теңдік,
Қара басымның мұңына құл қылып қойған!

Алматы, шілде,
1980 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрбыға наза өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Құрбыға наза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрбыға наза өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрбыға наза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері