"Абай жолын" қайта оқығаннан кейін – Светқали Нұржан

Бұл бетте «"Абай жолын" қайта оқығаннан кейін» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3068
М. Әуезовке

... Әлі күнге Шыңғыстың даласында
Жүрген сынды ұлы Абай –
Нанасың ба?
Толқындарға телміріп әлі күнге,
Тұратындай Ертістің жағасында.
Басқанменен қаншама қайғы өмірін,
Ашып тастап алып төс — айлы өңірін, -
Тоғжанды ойлап егіліп, есі кетіп
Аялардай ән — масы Әйгерімін.
Тізгін тартып сиязға ара қона,
Даусы жетіп далаға, қалаға да;
Айтатындай билікті және даусын
Естіп тұрған секілді ... Қарамола.
Жақын жат боп,
алысты дос еткенде,
Тобықтысы еңбегін еш еткенде,
Кітапхана үйінде сол Семейдің
Қарайтындай бураша есектерге.
Шақта бағы бұлт құсап әрі аунаған,
Иттей талап жан - жақтан қарау, надан;
Еш алданыш таба алмай қиналардай,
Көкірегіне:
"Елім-м!.." — деп бабаураған.
Жырда асығы тұрса да алшысынан,
Көзіндегі таусылып тамшы - шыдам,
Әлі күнге тұрғандай ласын қарғап,
БАСЫН қорғап содырдың қамшысынан.
Сол бір дауыс санамда шыңғыруда,
Сол содырлар сағымды сындыруда.
... Кітапта емес, бәрі де бір жерлерде
Тірі жүрген сияқты шындығында ...

1983 ж. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Абай жолын" қайта оқығаннан кейін өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

"Абай жолын" қайта оқығаннан кейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"Абай жолын" қайта оқығаннан кейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

"Абай жолын" қайта оқығаннан кейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері