Нарынқолда – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Нарынқолда» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2155
Елшенбүйрек, Хантәңірі — жырлы алап,
Тас төбемнен аспан таулар тұр қарап...
Қасқыр-бұлттар түлкі-күнді қанжоса
Көкжиекке қуып тықты мылжалап.
Кетіріп тұр азулы аяз күз дегбір,
Сам жамырап,
Леп еседі түзден бір.
...Найзағайдан шырпы жағып әлдегім,
Тау ішінен әлденені іздеп жүр...
Кім болды екен? —
Бәлкім, Тәңір елесі!
Нені іздейді ол?..
Күбірлейді. О, несі? —
Сауалыма жауабы жоқ, —
Қаптаған
Шөгіп жатыр көп түйенің келесі...
Қандарына тау қасиет сіңгендер,
Қыр ұлының қиялына күлмеңдер! —
Алып таулар — қардан жабу жамылып,
Шөгіп жатқан аруаналар, інгендер.
Ерегесіп мешелдерге жер қапқан,
Аласаны асқақтықпен сорлатқан
Хантәңірі — келедегі кер үлек,
Күркіреген үн естілді сол жақтан...

Найзағайдың көзде елесі жоғалмай
Әлі тұрмын. —
Сырқатымнан оңалмай. —
Осы қазір бір керемет болардай,
Осы қазір бір қасиет қонардай.
Мұқағали туған жердің есігін
Ашып көрдім,
Тербеп қиял бесігін.
Жерін білмей жырын ұқтым деп кеппін,
Әруағынан сұрау керек кешірім...
Қорықпай-ақ аю, барыс, қорқаудан,
Қашып шығып у-шу болған ортамнан,
Найзағайды шақпақ қылып жақтым да,
Осы жырды тауып алдым сол таудан. 

28.11.83.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарынқолда өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Нарынқолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарынқолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарынқолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар