Шағын хикая – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Шағын хикая» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1388
"... Тұйғын емен айдындағы қуды ілген,
Сиремеуге тиіс — шулы, нулы іргем.
Бар ғаламның Жарастығын жырлаймын,
Әділетті қорғау үшін тудым мен!
Болғанмен Жан жапырақтай дір етпе,
Ей, Жаратқан, айтам саған бір өкпе. —
Қара бұлттың шынтағында шыңғырған
Айдың даусы тиген кезде жүрекке..." —
деді бірде ақын көкке кіжініп,
Ғаршағылға үні жетті үзіліп.
Әлсіз дауыс тыншын алып Тәңірдің,
Көктің өңі кетті демде бұзылып.
Тәңір сонда кітап ұстап, нан тепті,
Сені тірі қоймаспын! — деп ант етті.
Ұлы Үрейдің шапалағы — нажағай
Бір тартқанда ақын көзі жарқ етті.
Жалп еткізді,
Көк төзімі бітіп қап,
Ажал қолы титтей жанды мытып сап.
Күлге айналды ақын тәні ...
Ай болса
Күлдіреді қара бұлтты қытықтап ...

1988 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағын хикая өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Шағын хикая өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағын хикая өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағын хикая өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері