Көріпкел әулие – Берлібек Аманбаев

Бұл бетте «Көріпкел әулие» атты Берлібек Аманбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Жетсін» деген ұрпаққа қасиетің,
Ақ қанатты, өміршең өсиетің.
Ғасыр келді қайтадан қайталанбас,
Құдіретіңе, о бабам, бас иетін.

Таңғажайып құдіретің адам сенбес,
Құбылыс жоқ сияқты, саған көнбес.
Сипай салып, сынықты бүтіндеген,
Қалықтап жүр аспанда ақ ән сөнбес.

Қайырмасы:
Абылайдың көріпкелі,
Қабан, Бұхар серіктері.
Жүрек сырын шын түсінген,
Көкірекке күн түсірген,
Көтен-тәуіп әулие ата.

Шапағатың ақ нұрдай жауып өтіп,
Жанға сая өзіңнен тауып едік.
Өлсең дағы қорған боп тұрсың әлі,
Ұрпағың жүр басыңа тәуіп етіп.

Кім айтады қазір де, барың жалған
Жеті әулие түнеген қорым қалған.
Жүрсің әлі халқыңа қамқор болып,
Түске еніп, аяның орындалған.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көріпкел әулие өлеңінің авторы кім?

Берлібек Аманбаев — осы өлеңнің авторы.

Көріпкел әулие өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көріпкел әулие өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Берлібек Аманбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көріпкел әулие өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар