Оқиға – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Оқиға» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1768
Қыз - қайыңды көшеде шаштан алып,
Сабап жатты содыр жел масқара ғып.
Нән теректер бастарын сауғалады,
Көп қабатты үйлерді баспана ғып ...
"Сауап болды, кетіп ед көбеңсініп." —
Баға берді осылай емен, шілік.
"Бәрібір, деп, біздерге" — шыршалар тұр,
Ал қарағаш баратты төмен сіңіп.
"Өтер болды-ау дүрлігіп осы ай тағы" ...
Желіктірді желді енді дос айтағы. —
"Қайың түзу болса егер,
Қарап тұрмай
Тауға неге саусағын шошайтады?!."
"Дұрыс", десті көп ағаш малдас құрып,
Басып жатыр маңайды албасты бұлт.
Жел құтырды-ай,
Қылмысын бергеннен соң
Ағаштардың өздері заңдастырып ...
Күндер өтті ...
Жел кеткен мекеніне,
Ит біле ме мекенін, кетеді де.
Қайың да жоқ ...
Орнында жапырақтар
Самал соқса ұшады көтеріле...

Кеше желден ұмытып дүрліккенін,
Болмағандай ештеңе, —
Жыр ғып керім —
Айтысып тұр найқалып нән теректер,
Бітіп болмас баяғы тірліктерін ...

20.05.1986 ж. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқиға өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Оқиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері