Имандылық

Бұл бетте «Имандылық» атты Абдрахман Асылбек жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2316
Тек жүрсем де тек аман,
Түсінбейді көп адам.
Соншалықты несіне
Қиналамын мен оған?
Кейде сиқыр сезімге
Шырматылған кезімде,
Өзге түгіл, өзімді
Түсінбеймін өзім де.
Жомарттықты асырып,
Ашылып та шашылып,
Емін-еркін жүруім
Болар еді асылық.
«Әліңді біл, Аяз би,
Жолыңды біл, құмырсқа» –
Осы менің күнделік
Ұстанымым тұрмыста.
Жүзіп ішкен тұнықтан
Жан сырымды кім ұққан?
Көпшілік жан бір күндік
Байлық үшін құныққан.
О, жалған-ай, жалған-ай,
Дүние-мүлік арман-ай.
Өлген күні бағасы
Бақыр болып қалғаны-ай.
О, дүние, дүние,
Еске аламын күйіне.
Дүниеңе жинаған
Өлгеннен соң кім ие?
Сенетінің бала ма?
Бала адам бола ма?
Еш болмаса дұға үшін,
Барар ма екен молаңа?
Қыбын тапқан «оң», «солдың»
Тірлігіңде «зор» болғын.
Бірақ, бәрі бекерлік,
«Өлдің Мамай – қор болдың».
Иә, солай, тап солай,
Түсінбеймін басқалай.
Пенделікке ермесең,
Алла жолы – ақ сарай.
Болмаса ар-иманың,
Не болады жиғаның?
Қысқа ғана ғұмырды
Ит тірлікпен қиғаның.
Алла сені қолдасын,
Ақ ісіңді оңдасын.
Пәниде де, бақида
Иман болсын жолдасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Имандылық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Имандылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Имандылық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Имандылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері