Ғашық ғұрпы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ғашық ғұрпы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1453
Жүз қызды сүйген Расул сықылдымын,
Жүз қыздың жанарына жағылды мұң...
Талдарды талықсытқан ай астында,
Тағы да сүйгенімді күтіп жүрмін.
Бір бұлбұл бебектейді талға қонып,
Мен тұрмын, тәнде — талғақ, жанда — жерік.
Баяғы жүріп өткен жүз соқпағым,
Тауларды ұялтады Таңба болып.
Ақынның күтіп алып алдан Жарын,
Дәлелдеп жатыр тағы талдар бәрін.
Бұрынғы жазған ғашық-ғазалдарым,
Ең соңғы Сүйгеніме арналғанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық ғұрпы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ғашық ғұрпы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық ғұрпы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық ғұрпы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері