Теңіз. Кеш – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Теңіз. Кеш» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1856
Атырау теңіз ақ байыр - Атырау - арман,
"Жеті қарақшы" ақ нұрды сапырады алдан.
Бозарып отыр Ай - ару,
Жұлдыз моншағын,
Түсіріп алып теңізге қапыда қалған.
Қайтадан шықты ақ моншақ жұтылып барып,
Отыр-ақ еді кеш бойы күтініп, бағып.
Айдың моншағын өңірге жұтынып тағып,
Бәлекей - теңіз күлді кеп сықылық қағып.
Шадыман теңіз жағаны үлбіреп өпті,
Күлдіре көкті — жан сырын білдіреді епті.
Шолжың сіңлінің қылығы жанына жақпай,
Шымылдық - бұлтқа Ай - ару кірді де кетті.
Өзіңдей мен де қашаннан асылға зармын,
Асылымды іздеп басты сан жасынға жардым.
Мендегі қайғы сенің де басыңда бар мұң,
Қызығын көріп қалмақпын жасымда жардың!
Аспандағы айдың қол созбай шымылдығына,
Жанымда жатқан теңіздің қасында қалдым. 


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері