Күзгі өксік – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Күзгі өксік» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1820
Қыркүйек желі жаз өтті дей ме,
Қайтқан құс сыңсып аза етті бейне.
Өткен жазыма қайтқым келеді,
Қалпақ қылып ап газетті кейде.
Ұзарды түні, таңы қысқарды,
Тал сыңғырлатып сары мыстарды.
Жаз ұрлап аңсар жалыныштарды,
Санада сартап сағыныш қалды.
Бұлттардың қашып ыпыны, сәні,
Қанатпен құстар түтіп ұшады.
Жазбен бірге ол да жоғалды ма екен,
Үпілмәлік - қыздың үкілі шағы?
Көзімнен ұшқан қиялдай ғалам,
Соны аңсап есті жия алмай барам.
Басынан көшкен дәуренді неге қиялдайды әман,
Қия алмайды адам?
Жасындар жатқан жаздай жарқылдап,
Күз өртеп енді, маздайды алтын бақ.
Сермеуші ед қанат құшақтағы ару,
Қаршыға бүрген қаздай қаңқылдап.
Өтті көңілді желдірген шақтар,
Қайыңға қарап телмірді аңсап тал.
Жапырақ-көзден шашылып,
Үскен тердірер ме енді мөлдір моншақ.
Ғайып боп кеткен нұр сипатты арман,
Тұрар ма тағы кіл шырқап таңнан.
Сағымды сүйген жаздың самалы,
Күзгі жел болды құм сипап қалған.
Өксікті бар ма біздің көңілдей?
Ғашықтар жұрты түздің мөріндей.
Кеудемде бір үн ыңырсиды әлсіз,
Жер сипап қалған,
Күздің желіндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі өксік өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Күзгі өксік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі өксік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі өксік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері