Заңдылық

Бұл бетте «Заңдылық» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1913
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Мұқағали.

Пушкин емен - мылтықпын!
Иранбек.

Мен де Пушкин емеспін - ол белгілі,
Шәйірмін тек дарыған елден мұңы.
Кімдігіміз тақтаға жазылады,
Мүңкір-Нәңкір жауапқа келген күні.
Махамбет те емеспін - басы кеткен,
Әр қоржында бір жүріп жасы кепкен.
Бұлт ірмеген шап - шағын тұрқымменен,
Құтылмадым қара зіл қасіреттен.
Қиған, бірақ, толайым бақ - тозақты,
Бізде де бар бір Дантес ақ боз атты.
Қанжар қайрап менің де Ықыласым,
Жүр көрін еді, ертіп ап көп қазақты.
Қарағұрт - көз,
Жылан - тіл қанды шағып.
Танды талай төсекке салғұса ғып.
Атып салып, сіңеді қара бұлтқа,
Іздерінде бұрқырап қарлы шаңыт. 
Мені ала алмай кетіп жүр зымиян құр,
Тірлігіне соңынан жымиям кіл.
Жел - тілімен жарамды жалап жазды,
Көрген мұның көкесін құмиян қыр.
Мүсәлаға у қосып, күшәлаға,
Пері қыз боп тосады, мысалы, ана.
Ар мен Зарды үлгерем аманаттап,
Бас пен Жүрек тұрса аман - Нысанада!
"Өлтірдік!" — деп кеткенмен ұрып төсін,
Тап баса алмай жүр әзір шүріппесін.
Серттен таю біздерде болған емес,
Нысанаға бір рет іліккесін!
"Тез жеткей", — деп ажалын армандар кім?!
Мен, әйтсе де, бәріне қамданғанмын.
Менің сөзім тиеді нысанаға,
Жалаң қылыш, жалғыз оқ жанды алған күн


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заңдылық өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Заңдылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заңдылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заңдылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері