Бөле

Бұл бетте «Бөле» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 11382
Кішкентайдан бірге өскен бөлем едің,
Көгендесім, тамырлас көгенегім.
Сенің орның бөлек қой, не дегенің,
Балалықты сағынсам себебі едің.
Бөз көйлекті бір киген бөлем едің,
Қарындастай қасымда демеу едің.
Сенің орның бөлек қой, не дегенің,
Елге келсем еркелер желеу едің.
Құлын-тайдай бірге өскен бөлем едің,
Сәл мұңайсам желер де, жебер едің.
Тағдырымен қосқандай қос ағашты
Таспасына құсаушы ең керегенің.
Қабағы ашық, жаны жаз бөлем едің,
Қыз Жібектей тап келіп Төлегенің,
Жазғы таңдай жап-жарық сүт пісірім
Қос шаңырақты сәулеңе бөлеп едің.
Бөлем едің бірге өскен, бөлек едің,
Өнерінен туғандай өнегенің.
Аз ғұмырда қыз болдың қылығы ерек,
Ана болдың, жар болдың және келін.
Неге бізді «бөле» деп атады екен,
(Бөлектеген сөз болса қатал екен.)
Қатал болса қайтпекші, қош, бөлежан,
Өмір солай сан бөлек сапар екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөле өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бөле өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөле өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөле өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері