Байлық және кедейлік арасында

Бұл бетте «Байлық және кедейлік арасында» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бақытты еді...
Бай болды ел таңданған,
Бұхарада жол тапты дархан арман.
Мыңды сүйсе біріне бас имеді,
Өтті әйелсіз,
Даналық арқандаған.
Зор атағын өлең сөз олқы қылмай,
Рубаилар бекіді төл тұғырдай.
Жүздеп,
Мыңдап ғазелдер сылаң қақты,
Шексіз мұхит тербелген толқынындай.
Білімге де болмады ділгірлігі,
Адамзатпен туыпты шын бірлігі.
Поэма етті «Күн көзі айналасын»,
Жер­жаһанды тамсантып білгірлігі.
Ойласаңшы, не деген ерен мықты,
Байлық өшті...
Патшадан жебеу бітті.
Екі көзін ақынның ойып тастап,
Енді өзін сарайдан қуып шықты.
Әне, сонда бақытты неден күтті?
Бұрынғыдан өр мінез өлең бітті.
Байлықпенен сұм тағдыр қоштастырса,
Жан досындай көріпті кедейлікті.
Білді ұлықтың нақақтан жаласын да,
Ақ пен қара тыймады таласын да.
Дана жыры толассыз толқи берді,
Бақыт орнап кедейлер арасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байлық және кедейлік арасында өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Байлық және кедейлік арасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байлық және кедейлік арасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байлық және кедейлік арасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері