Экспромт

Бұл бетте «Экспромт» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 557
Әй, тексізім, тексізім,
не қыласың өбектеп,
сен кіретін жоқ тізім,
енді бізден — бөлек кет.
Суда құйып қолына,
суыл қағып жүрегің,
тектілердің тобына
қосыла алмай, жүдедің...
"Өтсем!" — дедің өтініп,
өзіңді өзің сүйрелеп,
жарлау жерден секіріп,
тарлау жерден кимелеп.
Шықтың кейде тым шектен,
сен бе, бірақ, мойындар, —
ойып тұрып бір шеттен
орын алмақ ойың бар...
Жасырам деп ізіңді,
асырам деп айлаңды,
сұрың неге бұзылды,
тілің неге байланды?!
Еті тірі ептінің
бірі ғана шығарсың,
тізіміне тектінің
неге сонша құмарсың?
Қалай қарай кетті ізің?
Қорқа берем қарадай!
... Тексізі мен бетсізін
тайраңдатқан заман-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Экспромт өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Экспромт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Экспромт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Экспромт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері