Дарабоз – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Дарабоз» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3695
Қадыр Мырза Әлиге

Өмір бойы өлең болып алаңы,
Өмір бойы қолдан түспей қаламы,
Ортамызда ақын отыр ақиық,
Мойындатып қала менен даланы.
Халқымызда болған талай ұлы есім,
Елдігіме қосып кеткен үлесін.
Жас отауға қадалып тұр көз сұғы,
Сондықтан да бітпек емес күресім.
Көкке ұшырып жіберсем де күліңді,
Біреулердің жат пиғылы білінді.
Байтағыма аш көздерін алартып,
Тәлкек етіп жатыр ана тілімді.
Ортамызда отырғанда шын дарын,
Жасыра алман көңілімде мұң барын.
Макинтошты миғұлаға жетпей жүр,
Шындықты айтып шырылдаған жырларың.
Армандаймыз ел болсақ деп іргелі,
Түк бітірмес, төбеттердің үргені.
Әншейінде арқыраған жігіттің,
Қарабастың қамын күйттеп жүр көбі.
Төзіміне сеніп қалың халықтың,
Алдымыздан күтіп жүрміз жарық күн.
Ұйқысынан кеш оянған алыппыз,
Қозғалуы жай болады алыптың.
Мұның бәрі, аға, өзіңе белгілі,
Иығыңда өлең жүгі - ел жүгі.
Туған жерге көз қырыңды сала жүр,
Ақ Жайықтың абызысың ендігі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарабоз өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Дарабоз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дарабоз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарабоз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері