Текестегі ат ізі

Бұл бетте «Текестегі ат ізі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаракерей Қабанбай мінген «Қубасты»,
Көргендер талай таңырқап қарап шуласты.
Ай жарым суыт жүргенде жетер бабына,
«Қубастай» тұлпар қазақта қайтып тумасты.
Тайбурылға да теңер едім «Қубасты»,
Жануар-ай бірде қатар, бірде асты.
Қырық қап жүкті теңдеген Текес тауында,
Таңбалап кетті қатпары қалың сұр тасты.

Қайырмасы:
Жарқырап жігер кайнатқан,
Арқырап қаһар сайлатқан.
Шұрқырап орғып кісінеп,
Дұшпанның басын айналтқан.
Қабанбай мінген Қубасты,
Көрген жау шошып шуласты.
Шапқанда жайып қанатын,
Қос жанар оттай жанатын.
Алдына келген аттыны
Кеудемен доптай қағатын.

Ер Қабанбай келгенде жетпіс сегізге,
Дүлдүлі «Қубас» жетіпті отыз сегізге.
Тастақта тозбас, мұздақта таймас төрт тұяқ,
Ескек те болды түскенде өзен, теңізге.
Ел өткендей екі аяқтың арасы,
Тастағы ізден тұлпардың тұрқын қарашы.
Аманат жазған қағаз бен қалам секілді,
Тұяқ пен тастың бар екен асыл санасы.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Текестегі ат ізі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Текестегі ат ізі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Текестегі ат ізі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Текестегі ат ізі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері