Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Қадыр түнгі талпыну

Бұл бетте «Қадыр түнгі талпыну» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1273
Қыс кезіп жүр даланы күміс табан,
Тазарды әлем өкпесін түн ыстаған.
Тереземнің түтеді ақ түбітін,
Тентек аяз тісі өтпей жыны ұстаған.
Қыс кезіп жүр даланы әппақ етік,
Топас түнді барады таптап өтіп.
Осқырады Боз бедеу ай тағалы,
Қалсам ба екен аңсатқан жаққа кетіп.
Күміс шашу шашып тұр тылсым шыған,
Мұз мұртынан күлгенде, су сыңсыған.
Боз бедеумен өтіп ап басқа әлемге,
Түннің қарап тұрсам ба ту сыртынан.
Басқа әлемнің көпірі далам қарлы,
Сиқырлап тұр сазымен санамды арғы.
Бүгін өтсем өткенім! Өте алмасам,
Мынау бәңгі қапаста қалам мәңгі.
Алмай тұрып санамды жын жадылап,
Жолға шығып кетейін жылдамырақ.
Қиыр кезген Қызырға ілесейін,
Қар жамырап жатқанда, қыр маңырап.
Күміс қасық нұр шашып тынысты ашып,
Сансыз сәуле жөнелді қылыштасып.
Үзеңгіге салайын аяғымды,
Бөгеп қалмай тұрған да түн ұстасып.
Шақырып тұр абат кент, асқақ ғалам,
Маған енді жарамас бас сақтаған.
Маңдайына моламның мөр ғып басар,
Боз бедеудің тағасын тастап барам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадыр түнгі талпыну өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қадыр түнгі талпыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадыр түнгі талпыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадыр түнгі талпыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері