Сағызда – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Сағызда» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1405
Жұмабай Ізтөреұлы Күлтегіне

... Шекпеген салқам сынды қайғы, күйік,
Қарайды дәл сен құсап ай жымиып.
Өзіңсіз келіп тұрмын Құм Сағызға,
"Ел қайда, Сағыз қайда?" - әй, Құлиев?!
Салады құрдастарың сипай әнді,
"Білем де Жұмабайды, ит - ай, әлгі...".
Сен жоқсың ...
Қайда бұрсам маңдайымды,
Қозғайды бәрі сенің "хикаяңды".
Бұйра түн насыбайдай сақи үккен,
Бұл жерде сөз шідерсіз, тақырып кең.
Баяғы әңгімеңнің кейіпкері,
Таныстым "Шайтан қуған Шапиықпен".
Көтермей қушыкеш құм жерден басын,
Кербез қыр құпия күліп керген қасын.
Жақында марқұм бопты Сұпығали,
Жұртына көшін тастап "Керуен басын.
Жұртыңда көшің қапты ... Бірақ қалай?
Сауалға жауап бермей жырақтады ай. 
Қалнияз, Жұбандардан көшкен дәулет,
Өтпеп пе ед Шам Талпаққа тұрақтамай?!
Бір ұшы бұл көшіңнің Шағадамда,
Жолыңа кең Маңғыстау қарады ол да.
Сен келе жатқандайын елеңдеймін,
Көшіңді тегілеп алып шабаданға.
... Бір ағаң - жыр жұқпайтын қатқан қара,
Атты кеп Алматыға сақпанды ала:
"Қураған қу Сағызға неге келсін,
Көжесі қайын жұрттың жаққан бала".
Сөздерден қашып шықтым мына жайсыз,
(Мен үшін қам жемеңіз, құдағай, сіз.)
Өзіммен өзім болып кете берем,
Бұл Сағыз бір түрлі екен Жұмабайсыз.
Кеуденің күрсінісін желі жаттап,
Жөнелген жер көрдің де елігі әппақ?
Бабамның жұрты қалған Құм Сағызда,
Мен тұрмын көзі тірі сені жоқтап.
Бабамның жаз жайлауы тойға лайық,
Сол сәні сияқты енді зайғы ғайып.
Мертіккен керуені,
Көші - ғарық,
Қарайды дәл сен құсап ай мұңайып! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағызда өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Сағызда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағызда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағызда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар